Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАН: 5 ЖЫЛДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРМЕН 10 МЫҢДАЙ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

84қаралым
Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде құрылыс қарқыны еселеп артқанын мәлімдеді. Ел Президентінің тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, баспанамен қамту, инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмымтарға тоқталды.
«Түркістан өңірінде құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. 5 жылда оның көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда 4 420 отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасыбанк» арқылы 5 000-нан астам отбасы әлеуметтік-ипотекалық үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау 7 бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістан облысында биыл 205 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 211 мың шаршы болатын метр 65 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3557 отбасы өз баспанасына қол жеткізеді», деді Дархан Сатыбалды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты табысын арттыру, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан облысында осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Дархан Сатыбалды осы мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Облыста қолайлы бизнес климат қалыптасқан. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын өсіп келеді. 5 жылда олардың саны 184 мыңға жетті. 5 жылда шығарылған өнім 11 есеге дейін өсіп,1 трлн. теңгеден асты. «Кәсіпкерлікті дамытудың» ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бизнес субъектілері жалпы 46 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие алған.
Please follow and like us: