Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДА БІРТҰТАС ТУРИСТІК ТӘЖІРИБЕ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАДЫ.

100қаралым

Киелі Түркістан шаһарына келушілерге барлық жағдай жасалады. Әр саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаланы дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады.


Жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіме жүгіну, энто және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, күн батқанда далаға түйелер керуенін жүргізу және қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер, көшпенділер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, аттылардың алаулармен жарықтандырылған көріністері өтеді.
Түркістан қаласында бірқатар құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталмақ. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру құрылысы 3 кезеңге бөлінген. Кәріз жүйесін жүргізуге жер қазылып, су бұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жалағасуда. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Жарық жүргізіліп, сыртқы су жүйесі іске қосылды. Саябақта 2 мыңдай түр ағаш отырғызылған.
Түркістан қаласы рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылым құрылыс мен драмтеатр аумағын абаттандыру жұмыстары да қалыпты жүруде. Көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталады.

Теңдесі жоқ аспан астында қалқыған театр, жергілікті қолөнер шеберлерінің ашық базары, ерекше су бұрқақтар мен демалыс орындары халық көңілінен шығары хақ.

Please follow and like us: