74
Түркістан облысы Созақ ауданының бюджетіне 5 млрд. 443 млн. теңге қаржы түскен. Ал, бюджеттің шығыс бөлігі 16 млрд. 508 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылаған Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов мәлімдеді.
Оның сөзінше, ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 254 млрд. 790 млн. теңгеге жеткен.
«Үстіміздегі жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 11 млрд. 796 млн. теңге болды. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 987,9 млн. теңгеге артық. Жалпы аталған салада ілгерілеушілік байқалады. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес, биыл 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Ауданның агроқұрылымдары 256 тонна түйе сүтін «Golden Camel Group» ЖШС және «Казфут» сияқты қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізді. Карантин жағдайына байланысты түйе сүтін қабылдау қәзіргі таңда тоқтатылды», – деді аудан әкімі.
Ауданда «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 19 млрд. 534,6 млн. теңгеге 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, оның 951,6 млн. теңгесіне 5 жоба іске асты.
Сондай-ақ, аудан әкімі елдімекендердегі инфрақұрылым мәселелері де кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жетқанын айтты. Қазіргі таңда, аудандағы 35 елдімекеннің 28-сі орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұл ауданның 97 пайызын құрайды. Жалпы аудан көлемінде 973 шақырым болатын автомобиль жолдары бар. 458 шақырым елдімекендердің ішкі көшелерінің 209 шақырымы асфальт болса, жыл қорытындысы бойынша 230 шақырымға жетті.
Please follow and like us: