Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

109қаралым
Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері 23-30 қараша аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Тәртіп сақшылары облыс бойынша іс-шараның 8 тәулігінде 170 қылмыс тіркеп, оның 132-сін ашты. Бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды. Іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Есірткі затын сақтау және тасымалдау бойынша 7 жайт анықталды. Атыс қаруын тасымалдау және сақтау бойынша 1 дерек айқындалды. Есепте тұрған 8 азамат «Заңсыз келуші» ретінде ұсталды.
Жалпы, жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысымен 6648 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік саласында: Алкогольді сату ережелерін бұзумен (ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы) 34 құқық бұзушылық анықталды. Ұсақ бұзақылықпен (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 656 жайт тіркелді. Қоғамдық орында ішімдік ішкені және мас халде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 413 дерек белгілі болды.
Ал, жол қауіпсіздігі бойынша: Жолдың қарсы бағытына шығумен (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы) 42 құқық бұзушылық анықталды. Көлік құралын мас халде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 39 азамат анықталып, ұсталды. Жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеудің (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы) 190 жайты тіркелді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері егер, сіз кезекті тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқықбұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер деп ескертеді.
Please follow and like us: