Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨРШІСІНІҢ АЛТЫН БҰЙЫМДАРЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

68қаралым

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3 500 000 теңгені құрады.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарына бірден кірісті. Нәтижесінде қырағы сайрамдық полицейлер, тәулік ішінде күдікті ер азаматты анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі болып шықты. Әйелдің үйінен шыққанын көрген күдікті өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда.
Түркістан облысының полицейлері бағалы заттарыңызбен, әшекей бұйымдарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді.

Please follow and like us: