Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

96қаралым
Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы өтті. Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты У.Рахиев жүргізді. Сессия отырысына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетін бекіту, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту, Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2020 жылғы қызметі жөніндегі есептері мен 2021 жылға арналған жұмыс жоспары секілді барлығы 19 мәселе қаралды.
Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың сессиясында өз өкілеттілігін аяқтаған бірқатар депутаттар арнайы марапаттарға ие болды.
Please follow and like us: