57
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылының әкімі жұмыс кабинетін ақсақалдар кеңесіне тапсырды. Өзі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан, азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдайтын мамандармен бірге бір кабинетке жайғасты.
ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүйелі түрде жолға қойған ауыл әкімі М.Нажиевтің айтуынша, тұрғындармен байланысудың бұл әдісі – «Адалдық алаңы» ретінде жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Әрі қол астындағы қызметкерлердің халықпен етене жақын араласып, ізетті түрде қызмет көрсетуіне, тәжірибе алмасуға тиімді.
Ауыл округіндегі осы үрдісті Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков басқа ауыл округтеріне азаматтық қоғамды дамытудың үлгісі ретінде атап өтті.
«Әр ауыл округінің әкімі Қарамұрт ауылдық округіндегі әдіспен жұмыс істеп, ел ішіндегі өзекті мәселердің шешімін табуға жұмылуы қажет. Ауыл әкімдері қызметкерлерінің ортасында жүріп, кез келген ауыл тұрғыны еркін сөйлесе алатындай жағдай жасаса, нағыз «Ашық әкімдікке» айналады», — дейді аудан басшысы.
Тұғындарға мұнда ҚР Электронды үкімет қызметін пайдалана алады. Арыз-шағым мен ұсыныс-тілектерді сондағы мамандар қарайды.
Please follow and like us: