Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

Түркістан: 100-ге жуық полиция қызметкерлері марапатталды

141қаралым
Бүгін, 15-желтоқсан күні Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жеке құрамның қоғамдық тыныштықты сақтаудағы жұмыстарына табыс тілеп, мерекеге келген барша қауымды құттықтады.
Сонымен қатар ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен коронавирус індетінен қайтыс болған Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі азаматтық қорғау старшинасы Жұлдызхан Момбековтің медалін жұбайы Қаламқас Башароваға табыстады. Қайрат Дәлбеков өз сөзінде: «Осындай арда ұлдардың халқы үшін атқарған қызметі ешқашан ұмытылмайды. Қиындыққа қарамастан, адал қызмет үлгісін көрсеткені мәңгі жадамызда сақталады»-деп атап өтті.
Одан ары мерекеге орай өздерінің қызметтерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін полиция майоры Асқар Кушкалиев «Кезектен тыс полиция подполковнигі» шенін алса, «Бір саты жоғары полиция полковнигі арнаулы атағын» полиция подполковнигі Марат Паттаев иеленді.
Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковниктері Нұрғазы Қазанғапов, Ерлан Асқаров, Бахытжан Тулебаев және полиция старшинасы Сейдіғали Бегайлов марапатталды.
II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісі полиция майоры Арман Жұманов, полиция капитандары Бек Шамил, Гүлзейнеп Қаражігітова, Сапархан Қайыповтарға және полиция аға лейтенанты Айгерім Оразбекке, полиция майоры Рахымжан Шекербекке тағылды.
«ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен» полиция полковнигі Марат Әлмұхамедов, полиция капитаны Салық Әнуаровтар марапатталды. Ал, ІІМ «Алғыс хатымен» полиция майоры Қанат Тәңірбергенов пен полиция капитаны Елжас Асанов марапатталды. Сонымен қатар, осы бұйрықпен 14 қызметкерге алғыс жарияланды.
Ал Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің Грамотасымен полиция лейтенанты Рахымжан Ниязбекұлы марапатталды. Сондай-ақ осы бұйрықпен 23 қызметкерге алғыс жарияланып, 37 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі
Please follow and like us: