Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Осыған орай азаматтық қорғаныс салаларының жұмысына арналған байқау жарияланды. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте айтылды.
– Осынау ширек ғасырға жуық уақыттан бері сіздер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құтқарушылардың жұмысын насихаттап, тұрғындарға ақпараттық — түсіндіру жұмысын жүргізуге атсалыстыңыздар. Сол үшін алдымен сіздерге алғыс айтамыз. Ал биылғы азаматтық қорғаныс саласының мерейтойына орай қалам ұстаған қауым арасында байқау жарияладық. Ондағы негізгі мақсатымыз – төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысын көпшілікке жақын таныстыру және журналистерді ынталандыру. Ендеше, баршаңызды конкурсқа қатысып, бақ сынауға шақырамыз, — деді ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев.
Байқауға Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдай комитетінің қызметіне қатысты 2020 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады. Барлық материалды арнайы комиссия қарап, жүлдегерлер 2020 жылғы 19 қазанда марапатталмақ.
(с) Нурлан Бектаев