«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
140
Шымкент қаласындағы көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін ретке келтіру мақсатында «Сәтті жарнама» атты қалалық акция өткізіліп келеді. Мақсаты — Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң талаптары түсіндіру.
Жоспар бойынша Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған 32 тұрғын алаптағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары іске асуда.
Бекітілген кестеге сәйкес Бозарық, Қатын көпір, Қызылжар, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Ескі қала, Көркем, Қарасу, Химфарм шағын аудандарда, Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Бадам-1 тұрғын алаптарында, Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстарды жүргізілді.
Нәтижесінде 312 кәсіпкерлік нысанды аралап, 160 нысан иелеріне ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстарына қалалық Ассамблеяның өкілдері тартылып, өткізілген акциялар «Instagram» (shymkent_ madeniet), «Facebook» (Мәдениет басқармасы) әлеуметтік желілері арқылы жариялануда.
Сауда және қызмет көрсету объектілер, сауда ойын-сауық орталықтары, көпшілік тамақтанатын орындар қызметті қажеттілігіне қарай мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде де жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғасын табады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: