Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәдениет

«ТІЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

144қаралым
🔷 Шымкент қаласындағы көрнекі ақпарат және жарнама мәтіндерін ретке келтіру мақсатында «Сәтті жарнама» атты қалалық акция өткізіліп келеді. Мақсаты — Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң талаптары түсіндіру.
🔷 Жоспар бойынша Шымкент қаласының этнос өкілдері тығыз шоғырланған 32 тұрғын алаптағы кәсіпкерлік нысандарда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заң талаптарының сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары іске асуда.
🔷 Бекітілген кестеге сәйкес Бозарық, Қатын көпір, Қызылжар, Тұрлан, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Ескі қала, Көркем, Қарасу, Химфарм шағын аудандарда, Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Бадам-1 тұрғын алаптарында, Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары көрсетілген арнайы брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстарды жүргізілді.
🔷 Нәтижесінде 312 кәсіпкерлік нысанды аралап, 160 нысан иелеріне ескерту берілді. Түсіндіру жұмыстарына қалалық Ассамблеяның өкілдері тартылып, өткізілген акциялар «Instagram» (shymkent_ madeniet), «Facebook» (Мәдениет басқармасы) әлеуметтік желілері арқылы жариялануда.
Сауда және қызмет көрсету объектілер, сауда ойын-сауық орталықтары, көпшілік тамақтанатын орындар қызметті қажеттілігіне қарай мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде де жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғасын табады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: