Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ТАҒЫ ҚАЙ АУДАНДА СУ БАСУ ҚАУПІ БАР?

94қаралым

2020 жылғы 13 мамыр күні 20:00 сағат шамасында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекеніндегі жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан. Оқиға орнына аудан әкімі Е.Шәріпбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері барып, ауылға кірген суды өзен арнасына бұрып, түсірді. Тұрғындардың дені Ақбастау ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебіне эвакуацияланды. Соңғы мәлімет бойынша 2 қора құлаған, ауласына су кірген үйлердің саны нақтылануда.
Сонымен бірге қырдағы сай-салалардан ағып келген сулардың салдарынан Боралдай ауылдық округіндегі Қаратас ауылының 6 үйіне, Боралдай ауылындағы Ә.Жұмаділұлы көшесіндегі 6 үйдің ауласына су кірген. Су айдағыш құрылғылар арқылы су ауладан шығарылуда.


Аталған оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің 48 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 23 қызметкері, аудандық полиция бөлімінің 16 қызметкері, 10 техника және 8 мотопомпа жұмылдырылған.
Орын алған жағдайлар бойынша келтірілген залал шығындары есептелуде.

(ақпараттар Бәйдібек аудан әкімдігінің парақшасынан алынды)

Please follow and like us: