Яндекс.Метрика
Заң және қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1.2kқаралым
Бүгін Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай қалалық оқушылар сарайында танымдық-ағартушылық іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға көше, үй комитет және қоғамдық бақылау кеңесінің төрағалары, ардагерлер, аудан активі және зиялы қауым өкілдері мен жастар және желтоқсан оқиғасына қатысқан «Желтоқсан-86-Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысып, лектор ретінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, политолог – С.Мәжінбеков жүргізді.
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасы жайлы документальді фильм көрсетіліп, желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар, өз естеліктерімен бөлісті.Осы азаматтарға аудан әкімнің алғыс хат пен сый-сияпаты табысталды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Please follow and like us: