Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында жиын өтті

70қаралым

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.Умиралиева Сарапхана ауылдық округінің әкімшілігінде өткен маңызы зор іс-шараға арнайы қатысты.
Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын созу мен отбасылық жанжалды болдырмау мәселесі қаралды.
Оған Сарапхана ауылдық округінің билері, әжелер алқасының төрайымдары, емхана меңгерушілері, ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, әлеуметтік-психологиялық сүймелдеу қызметі бөлімшесінің психолог мамандары қатысты. Сондай-ақ кездесуге қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұртшылыққа кәсіби мамандар үнемі құқықтық-психологиялық көмек беруге әзір екені айтылды.
Сондай-ақ айналаңызда қандай да бір танысыңыз немесе өзіңіз қиын жағдайға тап болсаңыз, тез арада тиісті мекемелерге хабарлап, мамандар көмегіне жүгінуге кеңес берілді. Ал полиция қызметкері сөз соңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем жол бермей, бір-біріне құрметпен қарауға шақырып, қорытындылады.

Please follow and like us: