82
Қала әкімі М.Әйтеновтің елдімекендердің инфрақұрылымы және баршаға қолжетімді спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы
аумағы кезекті жаңа спорт алаңшасымен толықты.
Аудан аумағына қарасты Тұран шағын ауданындағы Алатау батыр көшесіне ашық спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары аяқталып, таяуда тұрғындар игілігіне пайдалануға тапсырылды.
Спорт – елімізде денсаулығы мықты, рухы күшті ұрпақты өсіріп шығарады. Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді. Қаламызда бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жалпы жыл сайын қала аумағын абаттандыру барысында жаңа спорт және ойын алаңшалары қатары артатын болады.
Айта кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында балалар ойын алаңшасынан бөлек заманауи үлгідегі 7 ашық спорт алаңдарын салу көзделуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: