Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің полицейлері, ветеринариялық бақылау инспекторларымен бірлесіп, мал ұрлығының алдын алып, жолын кесуге, сондай-ақ мал сою цехтары қызметінің заңдылығын тексеруге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында полицейлер, Сайрам ауданының аумағында тиісті рұқсатсыз және құжаттарсыз жұмыс жасаған мал сою фактілерін анықтады. Анықталған 5 жергілікті тұрғыннан 6 тоннадан астам ет пен 4 бас ірі қара мал тәркіленді.
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 406-бабы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін Сайрам ауданы бойынша ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясына жіберілді.
104
Please follow and like us: