68
Түлкібас ауданының полицейлері «1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай аудандық мәдениет үйіне барып, мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекемен құттықтап, керемет кештің куәсі болып қайтты. Қонақтар үшін сахналық қойылым қойған балалар, өздерінің актерлік шеберліктерімен тәнті етті.
Жалпы түлкібастық полицейлер мереке сайын балаларға барып, сыйлықтарын табыстап, хал-жағдайларын сұрау отыруды әдетке айналдырған. Бұл жолы да балақайларға арнап арнайы сыйлықтар алып олардың қуанышына себепкер болды.
Шара соңында аталмыш орталықтың басшысы барша тәртіп сақшыларына әрдайым көмек қолын созып, келіп тұратындары үшін алғысын білдірді.
Please follow and like us: