Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Түлкібас ауданында тиісті сала мамандарына тұжырымдама таныстырылды

68қаралым

ҚР ІІМ М.Ахметжановтың тапсырмасына сәйкес «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша жиын өтті. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.С.Серикбаевтың төрағалығымен өткен шарада тұжырымдаманың негізгі тәсілдері мен бастамалары туралы айтылды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Е.Керімбекұлы, әкімдікке қарасты барлық дербес бөлімдер, ауылдардың әкімдері, ардагерлер, аудандық психологиялық сүйемелдеу орталығы мамандары қатысты. Жиын барысында алаяқтық, мал ұрлығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қазіргі таңда өзекті болып отырған қылмыстарды болдырмауда, алдын алуда бірлесіп, қызмет ету ұсынылды. Жиналғандар айтылған ұсыныс-пікірлерге толығымен келісіп, осы бағытта жұмысты жандандыруға уағдаласты.

Please follow and like us: