Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарЗаң және қоғам

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

85қаралым

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы Нұрсұлтан Тәжібаев бір тәулік ішінде жоғалған жасөспірімді тауып, оны ата-анасына аман-есен тапсырды.
30 тамыз күні Ордабасы АПБ-не кешкі сағат 20:30 шамасында оның 12 жасар ұлының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінген. Ер адамның айтуынша, жасөспірім белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмаған. Ата-анасы ары-бері іздеп, таба алмаған соң полицейлердің көмегіне жүгінді.
Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аймақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырды. Көше-көшені, үйлерді ретімен мұқият қарап шықты. Одан бөлек, қараусыз қалған үйлер де тыңғылықты тексерілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы АПБ-нің аға анықтаушысы Нұрсұлтан Тәжібаев жасөспірімді ауыл маңындағы қараусыз қалған сарайдан ұйықтап жатқан күйінде тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен ата-анасына тапсырды.
Өз кезегінде табылған жасөспірімнің ата-анасы Ордабасы ауданының полицейлеріне қырағылық пен жеделдігі үшін зор алғысын білдірді.

Please follow and like us: