Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚҰС ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

89қаралым

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына іссапармен келді. Сапар аясында бірқатар нысанды аралап, Арыс қаласының инвестициялық ахуалымен танысты.
Алдымен өңір басшысы Ақдала ауылында орналасқан «ROYAL» құс фермасында болды. Ферманың жұмысымен танысқан облыс әкімі кәсіпкермен тілдесіп, мемлекеттен тиісті қолдау қарастырылатынын айтты.
«Ауылдарда жаңа жобалардың ашылуы жергілікті жердегі жұмыссыздықты болдырмауға септігін тигізеді. Арыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы тың жобалардың жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жүзеге асырылуы, отандық өнім өндіріп қана қоймай, оны экспортқа шығаруға жасалып отырған нық қадам. Қазір «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бірақ басым бөлігі мал шаруашылығын таңдады. Басқа да бизнес бағыттарын үйренуге бет бұру керек. Кәсіпорындар ашқан жөн. Әр отбасы өзін өзі асырай алатындай жағдайға жеткізу маңызды. Осы бағытта жұмыстар күшейеді», деді өңір басшысы.
«ROYAL құс» фермасы жұмыртқа бағытындағы 10 мың құс өсіруді қолға алмақ. Ферма іске қосылғаннан кейін тәулігіне 7000 дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы. Жергілікті 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 310 млн теңгені құрайды.
Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған фермаға кәсіпкер өз қаржысы есебінен 110 млн. теңгеге жұмсаған. Импорттық азық-түлік тауарларын ығыстырып, отандық өнім мөлшерін көбейтуді мақсат еткен ферма қалған қаражатты мемлекеттік қолдау арқылы жеңілдетілген несие алуға ниетті.
Жобаны іске асыру кезінде ең заманауи жабдықтар мен әлемге танымал өндірушілердің жаңа технологиялары қолданылады.
Айта кетейік, құс фермасының жанында 70 бас жылқыға арналған бордақылау алаңы да іске қосылған.

Please follow and like us: