Яндекс.Метрика
Заң және қоғам

ТҮП — ТАМЫРЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ — ШЕЖІРЕ

58қаралым
16 наурыз – Шежіре күні. Шымкент қалалық орыс драма театрының алдынан басталған мерекелік іс-шара Арбат алаңында жалғасын тапты. «Шымкент цирк» мекемесі ұйымдастырған жиынға қаламыздың мәдениет мекемелері қатысып, ұлтымыздың дәстүрін дәріптеп, шежіреміз бен тарихымыздан сыр шертті.
Мерекені тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтар Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, қазақтың Домалақ анасы мен Қыз Жібегін көргендей болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған көш Арбат алаңын жүріп өтті.
– Ұлыстың ұлы мерекесі Наурыздың басталғаны қаламызда ерекше сезіліп жатыр. Бүгінгі Шежіре күнін пайдаланып, ұлылардың көшін ұйымдастырдық. Әр заманның сән-салтанатын көрсетуге тырыстық. Өскелең ұрпақ өткенімен, ата-бабаларымен мақтануы керек, — дейді «Шымкент цирк» мекемесінің басшысы Нұрлан Әділханов.
Айта кетейік, Шымқалада Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі өтіп жатыр. Шежіре күні ел-жұрттың, жеті атаның шежіресі тарқатылып, тарихымыз дәріптеледі.
Арбат алаңында мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.
«Шымкент келбеті»
Please follow and like us: