Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

70қаралым

Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында жиналыс өтті.

Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы екенін және оған жоғары жауаптылықпен қарау жөнінде ойлар ортаға салынды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінде басты мақсатқа айналды», – деді басқарма басшысы Ахмет Татыбаев.

Жер қойнауы, су және орман шаруашылығы бөлімінің бас маманы М. Ережепов сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтініне тоқталып өтті.

Please follow and like us: