Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

49қаралым
Бүгін Шымкент қаласындағы бірқатар мектепте «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында баскетбол, волейбол және футбол ойындарынан сайыс өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттауға негізделген турнирде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа қаланың жалпы 2000-ға жуық мектеп оқушылары бақ сынауда.
Аталған сайыстар санитарлық-дезинфекциялық және карантин талаптарына сәйкес өткізілуде. Сол себептен турнирге қатысушылар арнайы бекітілген кесте бойынша бақтарын сынауда.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, бос уақытты тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.
Please follow and like us: