66
Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел — криминалистикалық басқармасының қызметкерлері 2020 жыл және 2021 жылдың бір ай қорытындысымен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Қызметтік міндеттерін адал және жоғары деңгейде қызмет атқарғаны үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал — майоры Е.Жумаханбетовтың грамотасымен төрт қызметкер және алғыс хатпен бес қызметкер марапатталды.
Тергеушілер криминалистердің атқарған жұмысының арқасында кісі өлтіру, ұрлық, қарақшылық, қару — жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу үшін маңызы бар дәлелдемелерді үнемі алып тұрады.
Заманауи жабдықтардың көмегімен Жедел — криминалистикалық басқармасының қызметкерлері көрсеткен кәсібилік пен жауапкершіліктің арқасында міндеттерін тиімді қызмет атқарып жатыр.
«Криминалистика саласы қылмысты ашуда маңызды рөл атқарады. Ешқандай резонанстық қылмыс криминалистердің назарынан тыс қалмайды. Жоғары технологиялық техника мен заманауи әдістерді пайдалана отырып, қылмыстарды тергеуде жедел және сапалы криминалистикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді» -деді Жедел — криминалистикалық басқармасының бастығы полиция майоры Н.Хансеитов.
Please follow and like us: