62
Саяхатшылардың құрамында Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды.
Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы –»Серпіліс» қоғамдық қоры. Саяхатшыларды әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Саяхат сапарда делегация Ұлы ақын Абай, Шәкәрім шығармалары мен құнды жәдігерлерімен терең танысып, тұлғалардың рухына тағзым етеді.
(с) Құттыбике Нұрғабыл
Please follow and like us: