70
2021 жылдың 22-28 ақпан апта аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция полкімен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалпы 3294 хаттама толтырылған.
Оның ішінде: мас халде автокөлік басқару бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылған. Бұл туралы ordainfo.kz порталы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар қазіргі таңда «Жедел әрекет ету тобы» тиімді жұмыс жасап жатыр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың бастамасымен құрылған «Жедел әрекет ету тобына» жол жүру ережесін бұзу жайты бойынша бейнежазба түсті. Хабарлама авторы тәртіп сақшыларынан аталған жайт бойынша тиісті шаралар қабылдауды сұранды.
Полиция қызметкерлері бұл хабарламаға жедел ден қойып, жол жүру ережесін бұзған азаматты анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардан жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұранады.
Please follow and like us: