Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІКТЕР КӨРІСУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

53қаралым

Шымкентте Көрісу күніне орай «Наурыз: жаңа арман, жаңа үміттер» атты салтанатты кеш өтті. Мерекелік шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, көрісу күнінің мағынасы жөнінде сөз қозғады.

–Қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-біріне қонаққа барып, хал-жағдай сұрасып, бір-бірімен көріскен екен. Бұл дәстүр Қазақстанның батыс аймақтарында жақсы сақталған. Биыл елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің концепциясы әзірленіп, мереке бүгіннен, яғни 14 наурыздан 24 наурызға дейін, 10 күн қатарынан атап өтеміз. Қазақстандағы ең жылы қала — шырайлы Шымкентіміз биылғы Наурызға ерекше дайындықпен келіп отыр. «Наурыз Шымкентте басталады» ұранының аясында бұл мерекені жылда жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз,-деді шаһар басшысы.

Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы Наурыз мерекесі Шымкент қаласында халықаралық деңгейде жыл сайын атап өтілетін, оған әлемнен туристер ағылатын мерекеге айналдыру мақсаты тұрғанын жеткізді.

Салтанатты кеште Наурыз туралы деректі фильм көрсетіліп, «Көрісу» атты театрландырылған көрініс сахнналанды.

Айта кетейік, көрісу рәсімі кезінде санитарлық талаптар сақталған. Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға жалғасты.

 

Please follow and like us: