77
Қостанай өңірінде орын алған өртке байланысты қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Солардың арасында жастар да белсенділік танытуда. Солардың арасында шымкенттік жастар да бар. Олар бүгін Жастар орталығында жиналған барлық гуманитарлық көмекті ерікті жастардың ұйымдасуымен жүк көлігіне тиеп, Қостанайға жіберілді.
Жүк тиелген көлікте зардап шеккендерге бұзылмайтын азық-түлік өнімдерімен күнделікті тұрмысқа қажетті гигиеналық құралдар, балаларға қажетті жөргектермен қатар кілемдер және көрпе-төсектер бар.
Әрине, жастарға қолдау білдіріп, жомарттық танытқандардың қатарында қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер, жоғары және орта арнаулы оқу орындары және еріктілер бар. Жастар қиын кезде қолдау білдіргендің бәріне алғыстарын жеткізді.
Please follow and like us: