Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМДЕРІНЕ ТМД ЕЛДЕРІНДЕ ДЕ СҰРАНЫС АРТУДА

65қаралым
«Оңтүстік» индустриалды аймақта жұмысы қарқынды жүріп жатқан кәсіпорынның бірі — «Beskuduk Tas» ЖШС. Кәсіпорын коралл түстес табиғи тасты өңдеп, бүгінде шығарып жатқан өнімдері өңірімізді ғана емес, ТМД елдеріне экспортталуда.
Компанияның декаративті тастарымен Шымкент қаласының бірнеше көпқабатты үйлері және тоннель мен Бадам өзенінен ашылған көпір әрленген. Сондай-ақ Түркістан қаласында музей мен тағы екі ғимараттың қасбеті осы табиғи тастармен қапталған.
Компания өкілі Ботагоз Сайлыбаеваның айтуынша, отандық өнімге деген сұраныс артқан. Кәсіпорынмен бүгінгі таңда отандық «BI Group», «АРТ Құрылыс», «Отау строй» секілді компаниялар іскерлік байланыс орнатқан. Өндіріс орнында күніне 300 шаршы метр тас өңделеді. Декаративті тастар сыртқы қасбетті әрлеумен қатар ішкі сәндеу жұмыстарына да жұмсалады. Өнімдер ішкі нарықтан бөлек Өзбекстан мен Ресейге экспортталуда.
Өндіріс орны шикізатты Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан алады.
(с) Ануар Жумашбаев
фото: Серик Косаев
Please follow and like us: