73
Шымкентте Елбасы медалі бағдарламасының екінші кезеңінде спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі бойынша жетістікке жеткен жастар марапатталды.
«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиында Zoom бағдарламасымен байналыс орнатқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «Елбасы медалі» жобасының барлық шарттарын сәтті орындаған оқушыларды құттықтады.
— Атаулы жобаның мақсаты – дарынды ұл-қыздарды қолдау, жауапкершілік пен табандылық сезімін дамыту, оларды мақсат қоюға және сол мақсаттарына жетуге баулу. Бұл марапат сіздердің жетістіктеріңіз бастауы болады деп ойлаймын. Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Баршаңызға шығармашылық табыстар тілеймін, — деді ол.
Аталған бағдарламаның негізгі символы — жетістіктің жеті жебесіне баланған. Ол жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған.
Please follow and like us: