108
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен волонтерлер жылының жабылу салтанаты өтті. Жыл аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есеге артқан.
Онлайн өткен іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және волонтерлар қатысты.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала бойынша жылды қорытындылап, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы және «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлерін марапаттады.
Биыл Шымкент қаласы бойынша «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы» номинациясының иегері Әбдімәлік Балбаев, «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының иегері Оксана Янченюк, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының иегері, «Шымкент қаласы ACCESS бітірушілерінің «ASAA» жастар қоғамдық ұйымының төрайымы Данара Саранова «Жыл волонтеры» премиясының иегерлері атанды.
Сондай-ақ, «OtauGroup» холдингінің президенті Қайрат Молдасейітов биылғы «Жомарт жүрек» сыйлығымен «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері атанды. «Жыл тұлғасы» номинациясының иегері — қала әкімі жанындағы гендерлік комиссия төрағасының орынбасары, «Береке А» корпорациясы» ЖШС-і бас директорының кеңесшісі Рәшкүл Оспаналиева, «Туған өлке» номинациясының иегері — «Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС-нің директоры Садулла Қалыбеков марапатталды.
фото: Серик Косаев
Please follow and like us: