56
Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар да орнатылып жатыр.
Биыл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, әртүрлі типтегі, мәселен ТИП 22 – 165 дана, ТИП 20 – 95 данасы орнатылады.
Атап айтқанда, Абай ауданында — 70, Әл-Фараби ауданында — 70, Қаратау ауданында — 70, Еңбекші ауданында — 50 дана жаңа аялдамалар орнатылады.
Ал 145 ескі аялдаманы демонтаж жасап, қала сыртында орналасқан елдімекендерде орнату көзделген.
Please follow and like us: