Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ВАКЦИНА САЛДЫРҒАНДАР САНЫ 154 МЫҢ 892 АДАМҒА ЖЕТТІ

45қаралым
Шымкент қаласында 12 мамырда КВИ-дің 82 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 60, белгілері жоқ — 22). 36 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 46 адам үй бақылауында. 2 368 адамнан ПТР сынамасы алынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды.
Соңғы бір тәулік ішінде қалада 5 036 адам вакцина алды (I компонент — 2 646, II компонент — 2 390). Егу науқаны басталғалы барлығы 154 892 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 61 157 адам вакцинаның екі компонентін қабылдады.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін мобильдік топтар 432 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін бұзған 8 нысанға әкімшілік хаттама толтырды.
Құрметті шымкенттіктер! Қоғамның амандығы Сіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Сондықтан, ғылыммен дәлелденген вакцинаны қабылдап, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.

 

Please follow and like us: