Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 4000-НАН АСА АДАМ ВАКЦИНАЛАНДЫ

86қаралым

Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. 18 тамыз күні КВИ-дің 418 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 341, белгілері жоқ – 77). 265 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 153 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 1560 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2370 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 559 төсек орын бар, 393 науқас ем қабылдауда. Бір тәулікте 3312 адамнан ПТР сынамасы алынды.

Соңғы тәулік ішінде қалада 4294 адам вакцина алды
(I компонент-2026, II компонент-2268). Егу науқаны басталғалы барлығы 406 062 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 333 479 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – екпе алу, сондықтан баршаңызды екпе салдыруға шақырамыз. Емханалардағы екпе егу бекеттері аптаның барлық күнінде таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Please follow and like us: