Шымкент қаласы демографиялық көрсеткіштер жағынан республикамыз бойынша алыңғы қатар тұр. Шырайлы шаһарда туылған бала саны жылдан — жылға көбейіп келеді. Биыл сегіз ай ішінде үшінші мегаполисте 21 168 сәби дүниеге келген.
Шымкент қаласының АХАТ бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаеваның айтуынша, сегіз айда қалада 54 егіз нәресте дүние есігін ашқан.
«Осы жылы ұлдар арасында ең көп кездесетін есімдер – Нұрислам және Нұрилан, ал, қыздарға көбіне Сафия және Раяна есімдері қойылып жатыр», — дейді Ақбота Жұмабекқызы.
Сондай-ақ, тиісті сала мамандардың мәліметіне сүйенер болсақ, бұл жылы сегіз айда заңды түрде 3 605 неке қиылған. Ал, 643 жұп ажырасқан. Бұл өткен жылдың есепті кезеңмен салыстырғанда ажырасудың үш есеге азайғанын көрсетеді.
Сонымен қатар, АХАТ бөлімі сегіз айда 26 бала асырап алу құжатын рәсімдеу, 140 тегін өзгерту, 4 965 қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге алу, 112 қалпына келтіру, 3 452 қайталап куәлік беру жөніндегі жұмыстарды атқарған.