44
Қазір құрылыс-монтаждау бойынша зауыттың 85% құрылыс жұмыстары орындалған. Медициналық жабдықтар, соның ішінде керуерт пен шкаф жиһаздарын шығаратын зауыт «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқанын айта кетейік.
Жылына 250-ден аса медициналық жиһаз жасап шығаруға қауқары бар кәсіпорынға 208 миллион теңге инвестиция тартылды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіпкерлерге ашық және жылдам жер бөлудің тиімді әдістерін әзірлеу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар бизнес өкілдері әкімшілік кедергілерсіз, заңды түрде учаскелер алуы керек деген болатын.
Осыған орай бүгінде зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы индустриалды аймақтан жер телімімен және дайын инфрақұрылыммен қамтылған. Нысан іске қосылған кезде 25 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: