Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ КӨРІСУ КҮНІНЕ ОРАЙ 100 ЛИТР КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

68қаралым

Шымкентте Әдет-ғұрып және салт — дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Көрісу күніне орай жеті түрлі дәннен әзірленген көже пісірілді.

Орталық алдына 12 қанатты үй тігіліп, ақ жаулықты аналар ұлттық тағамдарды дайындау тәсілін көрсетті. Ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған көжені Тілеу көжесі деп атады. Қала тұрғындарына тарту еткен көженің мөлшері 100 литр.

–Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады. Қыстан аман, жылдан түгел шыққан адамдардың барлығы қап түбінде қалған жеті дәнін, бар тағамын ортақ қазанға салып, көрісуге келгеннің барлығын осы астан татқызған. Бұл көжені көпке тарату үшін тілеу көже деп айтқан екен. Біз дәл осы күні қыстан аман, жылдан есен шыққан жандардың бір-бірімен көрісуін насихаттау мақсатында орталығымыздың алдына киіз үй тігіп, бір қазаннан көже жасап, жеті түрлі дәнді салып, оны тілеу көже деп атадық. Негізгі мақсатымыз – тілеу көжені дайындауды, бір қазаннан ортақтасып, берекелі шаңырақта мерекелі дастарханнан дәм татқызу, — дейді орталық директорының орынбасары Гүлшат Жақанқызы.

Орталыққа келген қонақтар тілеу көжеден дәм татып, халық әндерін тыңдап, көрісу, қауышу дәстүрін тағы бір жаңғыртты.

Please follow and like us: