🔷 15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді.
🔷 Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
45
Please follow and like us: