Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

Шымкентте карантин талаптары күшейтілді

61қаралым
«Қызыл аймаққа» енген Шымкентте карантин талаптары күшейтілді.
Жаңа қаулыға сәйкес:
— Әсемдік салондары және орталықтары, шаштараздар, маникюр, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету орындары олар алдын ала жазылумен жұмыс істейді. Жұмыс уақыты таңғы 9-дан 22:00-ге дейін шектеледі.
— «Қызыл» белдеуде тұрған Шымкентте азық-түлік дүкендерінің де жұмыс уақыты қысқарды. Азық-түлік маркеттері мен дүңгіршектері таңғы 9-дан түнгі 10-ға дейін ғана жұмыс істей алады. Ал сауда орталықтарына сенбі жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.
— Халықтың көп баратын жерлері ашық базарлар, жәрмеңкелердің жұмыстары 6-дан 18.00-ге дейін шектеледі. Жексенбі күні жұмысы тоқтатылады. Ал, жабық базарлар бұлардың жұмыстары алтыдан кешкі алтыға дейін. Олар сенбі жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатуы тиіс.
— Қоғамдық тамақтану орындары дүйсенбіден бейсенбіге дейін, аптаның 4 күні 22-ге дейін жұмыс істейді. Ал, жұмадан жексенбі аралағында таңғы 9-дан 20:00-ге дейін. Кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Және сыйымдылығы 50 пайызға дейін толтыруымен. Бірақ 30 пайыздан асырмай рұқсат беріледі. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес театр, кинотеатр және концертке тоқтау жасалды.
Сондай-ақ, шымкенттіктер мен қала қонақтары енді жағдай жақсарғанша зоосаябаққа да бара алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Тулебаевтың 20 сәуір күні жаңа Қаулысы жарияланған еді.
Please follow and like us: