Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарМәселе

ШЫМКЕНТТЕ КӨПЖЫЛДЫҚ ГҮЛДЕР ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

93қаралым

Бүгінде қаладағы Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» сальвия және антирринум көпжылдық гүлдері отырғызылуда. Гүлдер композициясы қазақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкерілген. Бұл аумаққа 45 мың дана гүл отырғызылады.

Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолына петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың көпжылдық гүлдер отырғызылуда.
Қаланың көрнекті орындарының бірі — Қабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда шафран, сальвия және целозия секілді көпжылдық гүлдер егілуде . Гүлдер арнайы ұңғымалар арқылы суарылады. Көріктендіру жұмыстарына арнайы техникалар мен бригадалар жұмылдырылған.

Please follow and like us: