Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИВЛ АППАРАТТАРЫ ШЫҒАРЫЛА БАСТАДЫ

69қаралым

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов COVID-19 ықтимал жаңа толқынына дайындық ретінде ИВЛ аппараттарын шығаруды бастаған «Kazmedpribor» ЖШС-да болды.

– «Қазмедприбор» бүгіннен бастап ИВЛ аппараттарын шығаруды бастады. Кәсіпорын тәулігіне 20-25 құрылғы шығаруға қауқарлы, – деп атап өтті қала әкімі.

Қала әкімдігі ауруханаларға алғашқы 88 ИВЛ аппаратын жеткізуге тапсырыс берген болатын. Кәсіпорыннан мониторлар, диспенсерлер, импульстік оксиметрлер, анализаторлар – барлығы 32 медициналық құрал-жабдықтар түрін сатып алады.
Қала әкімі шілде айында аталған кәсіпорын басшыларымен кездесуде отандық ИВЛ аппаратын шығаруды бастайтынын айтқан еді. Үш ай бойы осы бағытта жұмыстар атқарылды.

– Өздеріңіз білесіздер, коронавирус ауруы қатты өршіген кезде қалаға желдеткіш аппараттары қажет болды. Біз Kazmedpribor компаниясымен осындай құрылғыларды шығару мүмкіндігін талқыладық, нәтижесі міне. Өнімдер сертификаттаудан өтті, кәсіпорын желдеткіштер шығаруды бастады. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. Жақын арада ауруханалар мен емханалар Шымкентте шығарылған жабдықтармен қамтамасыз етіледі, – деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекция ошақтары және байланыста болған адамдар амбулаторлық бақылауға алынады. Сондай-ақ, биыл қаланың медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға 6,6 млрд теңге қарастырылғанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда бұл қаржы алты есе көп.
Kazmedpribor – коронавируспен күресу үшін қажетті медициналық техника шығаратын бірден-бір кәсіпорын. Кәсіпорын 50 мың дана медициналық жабдық, 150 мың дана медициналық жиһаз, 1000 автомобиль өндіруге қауқарлы.
Айта кетсек, аталған кәсіпорын Германия, Жапония, Корея компанияларымен бірлесіп, 300-ден астам медициналық бұйымдар шығарады. Өнімнің негізгі түрлері: медициналық машиналар; пациенттерге арналған мониторлар; ЭКГ аппараты; функционалды кереуеттер және өзге де жабдықтар.

 

Please follow and like us: