Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРІМІЗДІ ДӘРІПТЕЙТІН ЖАЛҒЫЗ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНА ТУРИСТЕР ЖИІ КЕЛЕДІ

63қаралым
🔷 Қазақ елінде жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — Шымкентте орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге әлемнен түрлі туристер келуде.
Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше.
Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы Салт-дәстүр орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы жиі орын алуда.
🔷 Күні кеше Швеция мемлекетінің Стокгольм қаласындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы Мажиева Хабира ханым қонақта болды.
Хабира Азизбекқызы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурсия мамандары «Ұлттық салт-дәстүр», «Қол өнер» залдарын аралатып, халқымыздың қасиетті де киелі саналатын киіз үй жабдықтарын, түрлі жәдігерлер, бесік, сандық, саз аспаптары мен тұрмыстық және қолөнер бұйымдарын көрсетті.
🔷 Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық — мәдение кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Please follow and like us: