Яндекс.Метрика
Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 79 КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

71қаралым
Шымкент қаласында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында барлық қаржы көздерінен 1,2 миллион шаршы метрді құрайтын 204 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі.
Жыл қорытындысымен 744 мың шаршы метр 94 тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғана 15%-ға артық.
Бұл жөнінде қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов 2021 жылға арналған жоспарын баяндады.
— Биыл құрылыс басқармасымен 79 көп қабатты тұрғын үй салынады. Оның ішінде, 61 кредиттік және 18 арендалық үйлер. Жыл соңында 39 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 2 096 пәтерлі 33 кредиттік, 336 пәтерлі 6 арендалық үй қолданысқа беріледі. Оның ішінде, Тұран шағын ауданында – 29 үй, әкімшілік-іскерлік орталық аумағында – 10 үй, — деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, нарықтан 1 580 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, жалпы 1 916 отбасы арендалық баспанамен қамтылады. Оның ішінде, 588 – көп балалы отбасыларға, 428 – әлеуметтік осал топтар, 900 – жұмыс істейтін жастарға беріледі деп жоспарланып отыр.
Please follow and like us: