57
Шымкенттік спорт жанашырлары қос қоланы ел қоржынына майлаған құралайды көзге атқан мергендерін зор қошеметпен қарсы қалды.
2021 жылғы 22 ақпан – 05 наурыз аралығында Каир астанасы Египетте өткен Стенд атудан лицензиялық Әлем Кубогына еліміздің ұлттық құрама командасының 17 спортшысы бақ сынады.
2021 жылғы 26 ақпанда «SKEET» жаттығуында әйелдер арасында Қазақстандық спортшы қыздарымыз командалық есепте Панарина Ольга (Шымкент қ.), Насырова Рината (Шымкент қ.) мен Орынбай Асем (Алматы қ.) 476 ұпаймен финалға еніп, байрақты бесекеде Үндістанның әйелдер құрама командасын жеңіп шығып, нәтижесінде қола медальді қоржынға салған болатын.
Ал 2021 жылғы 04 наурызда «TRAP» жаттығуында әйелдер арасында қазақстандық спортшы қыздарымыз командалық есепте Дмитриенко Мария (Шымкент қ.), Рысбекова Сарсенкуль (Шымкент қ.) мен Айжан Досмагамбетова (Кызылорда облысы) 395 ұпаймен финалдық жарыста алаң иелері Египеттің әйелдер құрама командасын тізе бүктірді. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына қола медалін салып, ел намысын абыроймен қорғады.
Мария Дмитриенко мен Ольга Панарина – Шымкент қаласы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері. Ал Рысбекова Сарсенкуль мен Насырова Рината — Шымкент қаласы №14 ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкіттері болып табылады.
Please follow and like us: