Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

75қаралым
Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елдімекендеріндегі 15 мыңға жуық тұрғын электр желісіне қосылды.
Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған шағынаудандарда 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді.
Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елдімекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елдімекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.
Please follow and like us: