74
Шымкент қаласында тұрғын үйлерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 14 нысанның құрылысы жүргізіледі.
Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметовтің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 93 тұрғын үй немесе 5 мыңға жуық отбасы қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтылатын болады.
Одан өзге, қала аумағында үш ауысымды оқу мәселесін шешу мақсатында 1 920 орындық 4 мектептің құрылысы жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға беріледі. Қосымша 8 мектепке қосымша 3 725 орындық ғимараттың құрылысы басталады. Ол нысандарды пайдалануға келер жылы берілмек.
Нысандардың құрылысын жүргізу есебінен бұл жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 136,5 млрд теңгеге жетеді. Өсім 113,2 пайызды құрайды.
Please follow and like us: