Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 48 КӨПҚАБАТТЫ КРЕДИТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

63қаралым

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Мамыталиев құрылысы аяқталған «New City» және «Асар city» тұрғын үй кешеніне арнайы барды. Made in Shymkent отандық өнімдерімен жабдықталған пәтерлердің сапасын тексерді. Пәтерлер әкімдік тарапынан құрылған арнайы комиссияның тексеру нәтижесінен соң пайдалануға берілетін болады.


Қала күніне орай Шымкент қаласында жалпы 48 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй, Шымкент сити шағын ауданында 16 үй, Тұран шағын ауданында 14 үй, Асар-2 шағын ауданында 10 үй.
Тұрғын үйлер 5, 9, 12 және 16 қабатты, 1, 2 және 3 бөлмелі. Пәтер саны 2592, ауданы 156 мың шаршы метрді құрайды.
Үйлер бірінші кезекте Тұрғын үй жинақ банкі арқылы Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Пәтердің 1 шаршы метр құны — 180 мың теңге.
«Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан 24 тұрғын үй салынды. Аталған үйлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы беріледі.

Please follow and like us: