146
Шымкент қаласының тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен қаматамасыз етуде мал шаруашылығы саласының алар орны ерекше.
Бүгінде қала аумағында 100 бастан жоғары ірі қара мен жылқы малдарын бордақылайтын 30-дан аса мал бордақылау алаңдары тұрақты жұмыс істеуде.
Олардың бірі – «Қасқасу-С» шаруа қожалығы. Қожалық Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан. 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Ең алдымен 600 басқа арналған қора жай құрылысын салып, бұқашықтарды бордақылауға кіріскен. Былтыр саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер қосымша 700 басқа арналған мал ұстайтын қоражайды салған. Нәтижесінде 12 ай ішінде 1 180 бас бұқашықты бордақылап, 330 тоннаға жуық таза ет өндірген.
Қожалық иесі биыл қосымша 500 бас бұқашыққа арналған қоражай құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.
Айта өтсек, өткен жылы ауылшаруашылығындағы өндірілген өнімнің жалпы көлемі 36,1 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде мал шаруашылығы саласы — 21,9 млрд. теңгені құрап отыр. 14,5 мың тонна ет өндірілген.
Please follow and like us: