Яндекс.Метрика
ЖаңалықтарҚоғамМәселе

ШЫМКЕНТТЕ 25 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

63қаралым

Шымкент қаласында жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 17-ге артып, 785-ке жетті. Білім мекемелерінде 2021-2022 оқу жылы 350 мыңға жуық білім алушылармен басталғалы отыр. Балалар саны өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға атрқан. Ал, 1 сыныпқа 25 005 бала қабылданған. Бұл туралы бүгін білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысы аталған білім мекемелерінің 526-сы балабақша, 203-і мектеп, қалған 32-сі колледж болып табылатынын толықтырып өтті.

«1-қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі. Білім қоры арқылы мектеп формасына бір реттік қаржылай көмек қаладағы 57 466 балаға беріледі. 30 мың теңге көлеміндегі қаржы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыға және басқа санаттағы балаларға берілетін болады»,-деді Ж.Тажиева.

Please follow and like us: