Яндекс.Метрика
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 18 КАНАЛ ТАЗАЛАНДЫ

61қаралым
Шымкент қаласы аумағында биыл вегетациялық кезеңде су беру көлемі 76 872,0 мың м3 құраса, 2021 жылғы жоспар бойынша 112 000,0 мың м3 су беру көзделуде.
Қазіргі таңда «Шымкент Сушар» МКК меншігінде ауыл шаруашылығы жерлерін суаратын, жалпы ұзындығы 241,24 шақырым болған 27 канал бар. Бұл каналдар іргелес жатқан 11080,0 гектар жерді суаруға бағытталған. Атап айтқанда, оның ішінде ұзындығы 91,7 шақырым болған 14 канал ашық жер, 35,6 шақырым 4 науалы (лотокты), бетонды қаптамада 9 канал 113,94 шақырымды құрап отыр.
Қала аумағында ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 136 шақырым болған 18 каналға механикалық тазалау жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, қосымша мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жалпы ұзындығы 41,74 шақырымды құрайтын 2 канал тазаланды.
Канал арналарында су бөлу және өлшеу құрылғылары автоматтандырылып, диспетчерлік пунктте монитор арқылы басқарылады. Бұл жерден күнделікті босатылған судың есебі алынып, арнайы мониторинг жұмысы да жасалынып отырады.
Please follow and like us: